22.02.2026 22:16
«Барселона» жарқын жеңіске жетті
22.02.2026 22:16
Испания Ла Лигасының 25-турында «Барселона» өз алаңында «Левантені» тізе бүктірді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. «Блауграна» сапында Марк Берналь, Френки де Йонг және Фермин Лопес гол соқты.
Осылайша Каталонияның клубы 61-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде көш басына көтерілді.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 28 ақпан күні «Вильярреалды» қабылдайды.