01.09.2025 18:21
Аканджи мансабын Италияда жалғастырады
01.09.2025 18:21
Мануэль Аканджи «Интер» ойыншысы атанады
Фабрицио Романоның мәліметінше, «нерадзурри» швейцариялық қорғаушыны «Манчестер Ситиден» бір маусымға жалға алады.
Ауысым құны 2 миллион еуроны құрайды. Сондай-ақ, 15 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Айта кетейік, Аканджи өткен маусымда 40 ойынға қатысып, 2 нәтижелі пасымен көзге түсті.