11.09.2025 11:30
Айвен Тоуни: Саудия чемпионаты АПЛ-мен бір деңгейде
11.09.2025 11:30
«Әл-Ахли» шабуылшысы Айвен Тоуни Саудия чемпионатының АПЛ-мен бір деңгейде екенін айтты.
«Мен үшін Саудия чемпионаты Англия Премьер-лигасымен бір деңгейде. «Әл-Ахли» АПЛ-де ойнаса, топ-4-ке жақын болар еді.
Про-лига – сапалы лига. Сондықтан адамдарға менсінбеушілікті қою керек. «Әл-Хиләлдің» клубтар арасындағы ӘЧ-де «Ман Ситиді» жеңгенін де көрдік», – деді Тоуни.
29 жастағы шабуылшы 2024 жылы «Брентфордтан» «Әл-Ахлиге» ауысып кеткен еді.