11.09.2025 10:07
Виктор Дьокереш үздік атанды
11.09.2025 10:07
10 қыркүйек күні Liga Portugal Awards марапаттау рәсімі өтті.
Нәтижесінде Виктор Дьокереш Примейра өткен маусымының ең үздік ойыншысы атанды.
27 жастағы шабуылшы «Спортинг» сапындағы 33 ойында 39 гол соғып, чемпион болған еді.
Ал Руи Боржеш үздік бапкер атанса, Джовани Кендаға «Үздік жас ойыншы» жүлдесі бұйырды.
Сондай-ақ Криштиану Роналдуға «Тарихтағы ең үздік футболшы» жүлдесі беріліп, Луиш Нани мен Куарежма Португалия футболының Даңқ залына енгізілді.