11.09.2025 16:24

АЕК Антони Марсьяльды алты клубқа ұсынды

11.09.2025 16:24

FootMercato хабарлауынша, АЕК Антони Марсьяльдан құтылуды аңсап жүр екен.

Осыған байланысты 29 жастағы ойыншыны алты клубқа ұсынып үлгеріпті.

Қазір Антони «Пумаспен» келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ ауысуы екіталай, өйткені көкем қомақты жалақы сұрап отыр.

Марсьяль АЕК сапындағы 24 ойында тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram