11.09.2025 15:51
Шакири өзімен бірге ойнаған ең үздік футболшыны атады
11.09.2025 15:51
Швецария құрамасы мен «Базель» дүлдүлі Джердан Шакири мансабындағы ең үздік командаласы жайлы сөз қозғады
— «Әріптестерімді бөліп-жару мен үшін оңай емес. Бәрі шетінен мықты, осалы жоқ. Бірақ біреуін таңдау керек болсам, Франк Рибериді айтар едім. Онымен бірге болған алғашқы жаттығуымда-ақ қатты таңғалдым. Риберидің финттері мен шеберлігі алаңда бірден көзге түсетін»,– деді Шакири.
Шакири мен Рибери 2012-2015 жылдар аралығында мюхендік «Баварияда» бірге доп тепкен еді.