27.01.2026 22:42
Абрахам «Астон Вилла» ойыншысы атанды
27.01.2026 22:42
Тэмми Абрахам «Бешикташтан» «Астон Виллаға» ауысты

Трансфер құны қосымша төлемдерді есептемегенде 21 миллион еуроны құрады.
Айта кетейік, Абрахам бұған дейін «Астон Вилла» намысын 2018/19 жылғы маусымда қорғаған еді. Ол одан бөлек «Рома», «Милан», «Челси» секілді белгілі клубтарда ойнаған. Ал осы маусымда 26 матчта 13 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.