11.09.2025 21:38
2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Мадридте өтеді
11.09.2025 21:38
UEFA 2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтетін хабарлады.
Ал 2026 жылға жоспарланған UEFA Суперкубогын Зальцбург қабылдайтын болды.
Сондай-ақ әйелдер Чемпиондар лигасының 2027 жылғы финалы өтетін стадион ретінде Варшавадағы «Narodowy» бекітілді.
Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылғы ЧЛ шешуі матчы 30 мамыр күні «Пушкаш Аренада» өтеді.