11.09.2025 20:49
Антони Марсьяль «Монтеррей» ойыншысы атанады
11.09.2025 20:49
Антони Марсьяль «Монтеррейге» ауысады
Фабрицио Романоның мәліметінше, мексикалық клуб АЕК-пен 29 жастағы шабуылшыны бір маусымға жалға алу туралы келісімге келіпті.
Енді жақын күндері франциялық футболшы медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды.
Марсьяль мансабында «Манчестер Юнайтед», «Севилья» және «Монако» сынды Еуропадағы белді командалардың намысын қорғаған. АЕК сапына бір жыл бұрын қосылған еді. Осы аралықта жалпы 24 кездесу өткізіп, тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, «Монтеррей» сапында Испания құрамасы мен «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос доп тебеді.