11.09.2025 10:32

Марсьяль ат басын Мексикаға бұруы мүмкін

11.09.2025 10:32

АЕК ойыншысы Антони Марсьяль мансабын Мексика чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Сесар Луис Мерлоның мәліметінше, франциялық шабуылшыға «Пумас» клубы қызығушылық танытып отыр. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.

АЕК футболшысын жалға беруге дайын. Алайда мексикалық клуб ұсынған жалақыға Марсьяльдың көңілі толмайтын көрінеді.

«Пумас» 12 қыркүйек, Мексикадағы трансфер кезеңі жабылғанға дейін Марсьялды қатарға қосып алуды көздейді.

Марсьяль мансабында «Манчестер Юнайтед», «Севилья» және «Монако» сынды Еуропадағы белді командалардың намысын қорғаған. АЕК сапына бір жыл бұрын қосылған еді. Осы аралықта жалпы 24 кездесу өткізіп, тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram