11.09.2025 09:43
Кристан Эриксен «Вольфсбург» ойыншысы атанды
11.09.2025 09:43
Кристиан Эриксен ресми түрде «Вольфсбург» ойыншысы атанды
Даниялық жартылай қорғаушы «қасқырлар» сапын еркін агент ретінде толықтырды. Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
33 жастағы футболшы жаңа клубында 24-нөмірмен доп тебетін болды.
Эриксен өткен маусымның соңында келісімшарттың аяқталуына байланысты «Манчестер Юнайтедтен» кеткен болатын. Кристиан манкуниандықтар сапында жалпы 107 матч өткізіп, сегіз гол мен 19 нәтижелі пастың авторы атанды. Командамен бірге Англия кубогы (2024) мен Лига кубогын (2023) жеңіп алды.
Айта кетейік, Бундеслиганың екі турынан кейін төрт ұпай еншілеген «Вольфсбург» турнир кестесінің алтыншы сатысында келеді. «Жасылдар» келесі ойынын 13 қыркүйек күні «Кёльнге» қарсы өз алаңында өткізеді.