18.01.2026 22:35
Зинченко «Аяксқа» ауысады
18.01.2026 22:35
Александр Зинченко «Аяксқа» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. Амстердамның клубы оны «Арсеналдан» маусым соңына дейін жалға алады. Сондай-ақ жалақысын толығымен «Аякс» өтейді. Зинченко алдағы 24 сағаттың ішінде медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды.
Украина құрамасының дүлдүлі маусымның алғашқы бөлігін «Ноттингем Форестте» өткізген еді.