18.01.2026 20:26
«Арсенал» ойыншысы «Аяксқа» ауысады
18.01.2026 20:26
«Ноттингем Форестте» жалда ойнап жүрген «Арсенал» қорғаушысы Александр Зинченко «Аяксқа» ауысуға жақын

De Telegraaf хабарлауынша, Амстердамның клубы «Арсеналмен» Зинченконы маусым соңына дейін жалға алу туралы келісімге келді. Енді келісімшарттың талаптарын реттеп жатыр екен.
29 жастағы Украина құрамасының дүлдүлі осы маусымда 10 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.