18.01.2026 16:51
Нани «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
18.01.2026 16:51
Португалия футболының аңызы Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанады

Бұл туралы AmanVIBE Telegram-арнасы хабарлады. Дереккөзге сенсек, қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. 39 жастағы вингер ҚПЛ тарихында болмаған жалақыны алады екен. Ол жақын арада команданың жаттығу жиынына қосылады. Нақтырақ айтқанда, 22 қаңтар күні Алматыға ұшып келіп, сол жерден Ақтөбеге аттанады деп күтілуде.
Айта кетейік, Нани «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия» және «Лацио» секілді белгілі клубтарда ойнаған. Сондай-ақ Португалия құрамасымен 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды. Нани 2024 жылдың желтоқсан айында мансабын аяқтап кеткен еді.