18.01.2026 16:18

Матета «Ювентуске» ауысуы мүмкін

18.01.2026 16:18

«Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матета «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Туриннің клубы «қырандарға» ресми ұсыныс жасады. «Бьянконери» Матетаны сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді. Ойыншының өзі клуб ауыстыруға дайын, бірақ соңғы сөзді «Кристал Пэлас» айтады екен.

28 жастағы француз форварды осы маусымда 33 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram