18.01.2026 21:15
Ғалымжан Кенжебек «Ахматтағы» алғашқы голын соқты
18.01.2026 21:15
«Ахмат» жолдастық кездесуде «Белградты» 3:0 есебімен жеңді

Матчтың 37-минутында отандасымыз Ғалымжан Кенжебек есеп ашты. Көп ұзамай Қазақстан құрамасының вингері 45-минутта Мұхамед Конатеге нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, бұл Кенжебектің Грозный клубындағы алғашқы голы болды. Ол Станислав Черчесов баптайтын командаға 10 қаңтар күні «Елімайдан» ауысып келген еді. Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.