10.10.2025 08:55

Хулиан Альварес тарихтағы үздік футболшыларды атады

10.10.2025 08:55

«Атлетико» дүлдүлі Хулиан Альварес тарихтағы үздік ойыншыларды атады

Альварес өз рейтингінде отандастарын жоғары бағалады. Тізімнің көшін Лионель Месси бастап тұр. Екінші орынға Диего Марадона жайғасса, үздік үштікті Альфредо ди Стефано түйіндеді.

Одан бөлек Роналдоны төртінші, ал Криштиану Роналдуды бесінші сатыға қойды.

25 жастағы шабуылшы осы маусымда тоғыз ойында жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram