29.09.2025 08:57

Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

29.09.2025 08:57

«Атлетико» ойыншысы Хулиан Альварес мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

El Nacional мәліметінше, аргентиналық шабуылшы Каталония клубына ауысуға қарсы емес екен.

«Барселона» 25 жастағы шабуылшыны Роберт Левандовскидің орнын толықтай басатын ойыншы деп біледі. Дегенмен, «блауграна» үшін қаржы жағы мәселе болып тұр.

Альварес биылғы маусымда жалпы 10 матч өткізіп, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram