29.09.2025 08:46
«Барселона» рекорд жаңартуға жақын
29.09.2025 08:46
«Барселона» Ла Лиганың 7-турында «Реал Сосьедадты» 2:1 есебімен жеңген еді.
Осылайша «блауграна» қатарынан 44 ойында гол соғып, 81 жыл бұрынғы рекордын қайталады.
Осыған дейін 1942 жылдың қарашасынан 1944 жылдың ақпанына дейінгі аралықта да 44 матч үздіксіз гол соққан еді.
Енді келесі матчын 1 қазан күні Чемпиондар лигасы аясында «ПСЖ-ға» қарсы өткізеді.