28.09.2025 23:20
«Барселона» «Реал Сосьедадты» тізе бүктірді
28.09.2025 23:20
Ла Лиганың 7-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Реал Сосьедадты» тізе бүктірді
Луис Компанис атындағы стадионда өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Роберт Левандовски мен Жюль Кунде мергендік танытты. Ал Сан-Себастьян клубының жалғыз голын Альваро Одриосола соқты.
Осылайша 19-ұпайын қанжығасына байлаған «блауграна» турнир кестесінде «Реалды» бір ұпайға артқа тастап, көш басына шықты.
Ханси Флик шәкірттері келесі турда, 5 қазан күні «Севильяға» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасы аясында ПСЖ-ны қабылдайды.