28.09.2025 22:14

2008 жылғы өрен «Барселонада» дебют жасады

28.09.2025 22:14

Педро Фернандес «Барселона» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді

17 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы Ла Лиганың 7-туры аясындағы «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында бастапқы құрамда алаңға шықты. Дәл қазіргі сәтте кездесудің 40-минуты өтіп жатыр. Альваро Одросиола соққан жалғыз голдың арқасында Сан-Себастьянның клубы есепте алда тұр.

«Дро» атты лақап есіммен ойнайтын Педро Фернандес 2008 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келді. Футбол әліппесін «Валь Миньор» командасында үйреніп, 2022 жылы «Барселона» академиясы Ла Масияға қабылданған.

Өрен футболшы осыған дейін «Виссел Кобеге» қарсы жолдастық кездесуде 11 минут ойнап, бір гол соққан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram