28.09.2025 21:09

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері атануға үміткер белгілі болды

28.09.2025 21:09

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморимнің орнын Гарет Саутгейт басуы мүмкін

TalkSPORT мәліметінше, Манчестер клубының қожайыны Сэр Джим Рэтклифф ағылшын маманымен телефон арқылы байланысқан екен.

Қазіргі таңда Аморимнің «қызыл сойқандар» тізгініндегі болашағы бұлыңғыр болып тұр.

Ал Саутгейт 2024 жылдың жазында өткен Еуропа чемпионатынан кейін Англия құрамасынан кеткен еді. 55 жастағы бапкер сол уақыттан бері жұмыссыз жүр.

Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасында алты турдан кейін жеті ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінің 14-сатысында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram