28.09.2025 19:11
«Елімай» ғаламат камбэк жасады
28.09.2025 19:11
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Елімай» өз алаңында «Ордабасыны» тізе бүктірді
Семейде өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 3-минутта Элхан Астанов мергендік танытып, есеп ашқан болатын. Алайда 84 және 90+5-минуттарда Рамазан Оразов пен Роман Мұртазаев гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
24 ойында 42 ұпай жинаған «Елімай» турнир кестесінде 5-орында келеді. Ал еншісінде 31 ұпайы бар «Ордабасы» 8-сатыға жайғасқан.