28.09.2025 16:50

Ламин Ямаль қатарға оралды

28.09.2025 16:50

«Барселона» Ла Лиганың 7-туры аясындағы «Реал Сосьедадқа» қарсы ойынға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады

Ханси Флик жасақтаған құрамға екі апта бұрын шап тұсын жарақаттап алып, содан бері матчтарға қатыспаған Ламин Ямаль енді. Толық тізім келесідей:

Қақпашылар: Войцех Щенсы, Диего Кочен, Эдер Аллер;

Қорғаушылар: Рональд Араухо, Пау Кубарси, Андреас Кристенсен, Жерар Мартин, Жюль Кунде, Эрик Гарсия, Жофре Торрентс;

Жартылай қорғаушылар: Педри, Марк Касадо, Дани Ольмо, Френки де Йонг, Марк Берналь, Дро Фернандес;

Шабуылшылар: Ферран Торрес, Роберт Левандовски, Ламин Ямаль, Маркус Рашфорд, Руни Бардагджи, Тони Фернандес.

Луис Компанис атындағы стадионда өтетін ойын бүгін, 28 қыркүйек сағат 21:30-ға жоспарланған. Матчты Setanta Sports 2 телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram