26.09.2025 21:41
Ямаль мен Бальде қатарға оралды
26.09.2025 21:41
«Барселона» ойынншылары Ламин Ямаль мен Алехандро Бальде қатарға оралды
Marca хабарлауынша, испаниялық футболшылар бүгін топтық жаттығуға қатысқан екен. Екеуі де Ла Лиганың 7-туры аясында өтетін «Реал Сосьедадқа» қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін.
Ямаль осыған дейін шап тұсындағы жарақатына байланысты төрт ойынға қатыспаған. Бальде де жаттығу кезінде сан бұлшық етін зақымдап алып, төрт ойыннан тыс қалды.
Айта кетейік, «Барселона» – «Реал Сосьедад» кездесуі жексенбі, 28 қыркүйекке жоспарланған. Матч Луис Компанис атындағы стадионда өтеді.