26.09.2025 19:41
«Барселонаның» екі ойыншысы қатардан шықты
26.09.2025 19:41
«Барселона» ойыншылары Жоан Гарсия мен Рафинья жарақат алды
Бразилиялық шабуылшы «Реал Овьедоға» қарсы ойында (3:1) оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Ол шамамен үш апта бойы алаңға шыға алмайды.
Ал Гарсия бүгінгі жаттығу кезінде сол аяғының менискісін жарақаттап алып, ота жасатуға мәжбүр болды. Испаниялық қақпашы 4-6 апта бойы командасына көмектесе алмайды.
Айта кетейік, Ла Лиганың алты турынан кейін 16 ұпай жинаған Каталония клубы турнир кестесінде 2-сатында келеді.