13.07.2026 16:28

Хулиан Альварес «Арсеналға» ауысуы мүмкін

13.07.2026 16:28

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Арсеналға» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, «матрасшылар» оның кеткісі келетінін жақсы түсініп тұр. Бірақ басты жұлдызын ішкі біріншіліктегі басты бәсекелесі «Барселонаға» бергісі келмейді. Сондықтан Хулианға көз салып отырған «Арсеналға» сатуға дайын. Альварестің өзі Ағылшын Премьер-лигасында ойнауға қарсы емес, бірақ «Барселонаға» ауысуды қатты қалайды.

Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы Аргентина құрамасының форварды өткен маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram