13.07.2026 15:30

Эдерсон «Манчестер Юнайтедке» ауыспайды

13.07.2026 15:30

«Аталанта» жартылай қорғаушысы Эдерсон клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 26 жастағы бразилиялық ойыншы «Манчестер Юнайтедке» ауыспайтын болды. Енді оған «Аталанта» 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынды.

Осыған дейін манкуниандықтар 45 миллион еуроға сатып алу туралы «Аталантамен» сөз байласқан. Ал Эдерсонның өзімен «4+1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қою туралы келісімге келген.

26 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 41 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram