13.07.2026 13:43
Гарначо «Ромаға» ауысуы мүмкін
13.07.2026 13:43
«Челси» шабуылшысы Алехандро Гарначо мансабын Италия А Сериясында жалғауы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оған «Рома» көз салып отыр. Римнің клубы Гарначоны сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді. Ал «Челси» тек сатуға дайын.
«Ақсүйектер» 22 жастағы аргентиналық ойыншыны өткен жазда «Манчестер Юнайтедтен» 46,2 миллион еуроға сатып алған еді. Ол былтырғы маусымда 43 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.