13.07.2026 12:36
Лапорта: «Рафинья ешқайда кетпейді»
13.07.2026 12:36
«Барселона» президенті Жоан Лапорта шабуылшы Рафиньяға қатысты пікір білдірді

«Рафиньяның кеткенін қаламаймыз. Ол біздің басты ойыншымыз. Гордон мен Адейемидің келуі Рафиньяға түк қатысы жоқ»,– деді Лапорта.
29 жастағы Бразилия құрамасының вингері «блауграна» сапына 2022 жылы «Лидстен» 58 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 33 матчта 21 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.