13.07.2026 12:17
Ян Зоммер «Брюггеге» ауысады
13.07.2026 12:17
Ян Зоммер «Брюгге» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді және жақында қысқамерзімді келісімшартқа қол қояды. Ол Испаниядан түскен үлкен ұсынысқа қарамастан Бельгияның клубын таңдады. Енді «Брюггеде» бірінші голкипер болады.
37 жастағы швейцариялық ойыншы 2023 жылдан бері «Интер» намысын қорғаған еді. Ол өткен маусымда 43 матчта 42 гол өткізіп, 19 ойында қақпасына доп жібермеді.