12.07.2026 20:33
Гринвуд «Фенербахчеге» ауысуға жақын
12.07.2026 20:33
Мейсон Гринвуд жақында «Фенербахчеге» ауысады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Ыстамбұлдың клубы оны «Марсельден» 45 миллион еуроға сатып алды. Ал жалақысы жылына бонустарды есептегенде 10 миллион еуроны құрайды.
24 жастағы англиялық вингер өткен маусымда 45 матчта 26 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.