12.07.2026 19:11

Салиба мен Упамекано соңғы жаттығуға қатыспады

12.07.2026 19:11

Франция құрамасының қорғаушылары Уильям Салиба мен Дайо Упамекано командамен болған соңғы жаттығуға қатыспады

Mundo Deportivo хабарлауынша, қос футболшы сақтық үшін жеке бағдарлама бойынша шынығыпты. Салибаны арқасындағы жарақаты мазалайды. Ал Упамеканоға не болғаны белгісіз.

Дидье Дешам шәкірттері 14 шілде күні Әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниямен кездеседі. АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтетін кездесу сағат 00:00-де басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram