12.07.2026 16:53

Адейеми келер аптада «Барселона» ойыншысы атанады

12.07.2026 16:53

Кәрім Адейеми «Барселона» ойыншысы атануға жақын

Marca хабарлауынша, ол келер аптада командамен 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. «Блауграна» Адейемиді «Боруссиядан» 22 миллион еуроға сатып алды және қосымша жеті миллион бонус төледі. Кәрім Каталонияның клубында жылына салықты есептемегенде 12 миллион еуро жалақы алады.

24 жастағы неміс вингері өткен маусымда 39 матчта 10 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram