12.07.2026 15:19

Дибала «Ромада» қалады

12.07.2026 15:19

«Рома» жартылай қорғаушысы Пауло Дибала клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2027 жылдың жазына дейін ұзартады. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады екен. Ал жалақысы бонустарды есептемегенде жылына 2,5 миллион еуроны құрайды. Дибала осы үшін «Бока Хуниорс», MLS және Саудия клубтарынан түскен ұсыныстардан бас тартқан екен.

32 жастағы аргентиналық шабуылшы Римнің клубында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Ол өткен маусымда 27 матчта үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram