12.07.2026 13:30
Рафинья «Барселонада» қалады
12.07.2026 13:30
«Барселона» вингері Рафинья клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 29 жастағы бразилиялық ойыншы «Әл-Хиләлдің» қызығушылығына қарамастан Каталония клубында қалғысы келеді.
Рафинья «блауграна» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусымда 33 матчта 21 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.