12.07.2026 12:59
Сенегал бас бапкерсіз қалды
12.07.2026 12:59
Пап Тьяу Сенегал бас бапкері қызметінен кетті

Қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
45 жастағы маман «арыстандарды» 2024 жылы тізгіндеген еді. Содан бері команда 15 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түссе, алты ойында қарсыласына жол берді.
Сенегал Әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Бельгияға экстра-тайм қорытындысы бойынша 2:3 есебімен есе жіберген еді.