12.07.2026 07:08
Аргентина Швейцарияны тізе бүктірді
12.07.2026 07:08
Әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина Швейцариядан айласын асырды

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Аргентина сапында Алексис Макаллистер, Хулиан Альварес және Лаутаро Мартинес гол соқты. Ал Швейцария құрамында жалғыз Дэн Ндой мергендік танытты.
«Альбиселесте» жартылай финалда 15 маусым күні Англиямен кездеседі.