12.07.2026 14:18

Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуға жақын

12.07.2026 14:18

«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы алдын-ала келісімге келді. Енді Париждің клубы «Барселонаға» ұсыныс жолдауға дайындалып жатыр.

Сондай-ақ Ферранға Англияның екі клубы «құда түскен» екен, бірақ өзі ПСЖ-ны таңдап отыр. Торрес клуб ауыстыруға дайын.

«Блауграна» 26 жастағы испаниялық форвардты 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 55 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram