26.08.2025 12:46

Хейлунд «Наполи» ойыншысы атануға жақын

26.08.2025 12:46

Расмус Хейлунд «Манчестер Юнайтедтен» «Наполиге» ауысуға жақын

Николо Скираның мәліметінше, 22 жастағы шабуылшы алдағы 48 сағатта «Наполимен» келісімшартқа қол қояды.

Неаполитандықтар даниялық футболшыны 5 миллион еуроға жалға алады. Сондай-ақ, 40 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Хейлунд манкуниандықтардың намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 95 ойынға қатысып, 26 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram