31.08.2025 17:51
Хейлунд медициналық тексерістен өтті
31.08.2025 17:51
Расмус Хейлунд «Наполи» ойыншысы атану үшін Италияға келді
Қазір Римдегі «Вилла Стюарт» атты жеке клиникада медициналық тексерістен өтіп жатыр екен.
Содан кейін Неапольдың клубымен келісімшартқа қол қоймақ.
Осыған дейін Фабрицио Романо «Наполидің» даниялық шабуылшыны 6 миллион еуроға жалға алатыны туралы ақпарат таратқан еді. Сондай-ақ, келісімшартта 44 миллион еуроға сатып алу құқығы қарастырылғаны да белгілі болды.
Хейлунд «Манчестер Юнайтед» намысын 2023 жылдың тамыз айынан бері қорғаған еді. Осы аралықта жалпы 95 ойынға қатысып, 26 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.