29.08.2025 10:26

Хейлунд италиялық клубқа ауысуға жақын

29.08.2025 10:26

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Расмус Хейлунд ат басын Италия А Сериясына бұруға жақын

Джанлука ди Марционың мәліметінше, манкуниандықтар «Наполидің» ұсынысын қабылдаған.

Неаполитандықтар даниялық шабуылшыны 45 миллион еуроға сатып алу міндетімен бір маусымға жалға алады.

Хейлунд «Манчестер Юнайтед» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 95 ойынға қатысып, 26 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram