29.08.2025 13:48

Хави Симонс «Тоттенхэм» ойыншысы атанады

29.08.2025 13:48

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Хави Симонс «Тоттенхэм» ойыншысы атанады.

Қос тарап 2030 жылға жарамды келісімшартқа қол қойып тастапты. Сондай-ақ тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Ал «Лейпцигке» төлейтін трансфер құны 60 млн еуроны құрайды.

Хави медициналық тексерістен де өтіп қойған. Сондықтан лондондықтар бүгін ресми хабарлауды жоспарлап отыр.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram