30.05.2026 12:41
Хави ПСЖ – «Арсенал» матчының дәл есебін атады
30.05.2026 12:41
Хави Чемпиондар лигасының финалындағы ПСЖ – «Арсенал» матчының дәл есебін атады
«3:1, ПСЖ-ның пайдасына»,– деді Испания құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы.

Ақтық кездесу бүгін, 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтеді. Ойын біздің уақытпен сағат 21:00-де басталады және оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.