30.05.2026 12:00
Гордон: үш жасымнан бері «Барселонада» ойнағым келді
30.05.2026 12:00
Энтони Гордон «Барселона» ойыншысы атанғаннан кейін пікір білдірді

«Мен испан тілінде сөйлей аламын, себебі үш жасымнан бері «Барселонада» ойнауды армандадым. «Ньюкаслдағы» физиотерапевтім испан тілін білетін. Біз екеуміз күнде испанша әңгімелестік. Мен оған күндердің бір күнінде «Барселонада» ойнайтынымды айтатынмын»,– деді 25 жастағы англиялық вингер.
«Блауграна» Гордонды «Ньюкаслдан» бонустармен есептегенде шамамен 80 миллион еуроға сатып алды және қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.