30.05.2026 10:41

Отаменди «Ривер Плейт» ойыншысы атанды

30.05.2026 10:41

Николас Отаменди «Ривер Плейт» ойыншысы атанды

Буэнос-Айрестің клубы 38 жастағы Аргентина құрамасының қорғаушысын еркін агент ретінде қатарға қосып, 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Отамендидің соңғы клубы «Бенфика» болды. Ол Лиссабонның ұжымында 2020 жылдан бері ойнады. Ал оған дейін «Манчестер Сити», «Валенсия», «Порту» секілді клубтардың намысын қорғаған. Николас биылғы Әлем чемпионатына Аргентина құрамасымен барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram