29.05.2026 21:56
Тимбер мен Мадуеке Чемпиондар лигасының финалына дайын
29.05.2026 21:56
«Арсенал» ойыншылары Юрриен Тимбер мен Нони Мадуеке қатарға оралды

Мұны Микель Артета баспасөз мәслихатында айтты. Бас бапкердің сөзіне сенсек, бұл екі ойыншы Чемпиондар лигасының финалындағы ПСЖ-ға қарсы ойынға дайын болады. Сонда «зеңбірекшілердің» сапында тек Бен Уайт қана маңызды матчтан тыс қалады.
Ақтық кездесу ертең, 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтеді. Ойын біздің уақытпен сағат 21:00-де басталады.