29.05.2026 19:53
Силваға «Барселона» мен «Атлетико» ұсыныс жасады
29.05.2026 19:53
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оның агенті Жорже Мендешке «Барселона» мен «Атлетико» ресми ұсыныс жолдады. Енді Силва өзі айтқандай Әлем чемпионатына дейін таңдау жасайды.
Силва 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлап қойды. Ол осы маусымда 53 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.