15.05.2026 15:16
Бернарду Силваның келесі клубы Әлем чемпионатына дейін белгілі болады
15.05.2026 15:16
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва болашағына қатысты пікір білдірді

«Әлем чемпионатына дейін қайда ауысатынымды шешіп қойсам деймін. Мен Португалияға келесі маусымда қай клубта ойнайтынымыды біліп барғым келеді»,– деді Силва.
31 жастағы португалиялық ойыншы алдағы жазда «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлаған еді. Ал АҚШ, Канада және Мексикада болатын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.