29.05.2026 18:33

Триппьер «Вулверхэмптон» ойыншысы атанады

29.05.2026 18:33

«Ньюкасл» қорғаушысы Киран Триппьер «Вулверхэмптон» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Киран «қасқырлардың» сапына еркін агент ретінде қосылып, 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар екен.

35 жастағы англиялық ойыншы «Ньюкаслдан» бөлек «Атлетико» мен «Тоттенхэмде» де ойнаған. Ал 38 турдан кейін небәрі 20 ұпай жинаған «Вулверхэмптон» АПЛ осы маусымында соңғы орын алып, Чемпионшипке ұшып кетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram